19 мау, 2019 сағат 09:56

Бозымбаев жаңа министрлікті басқаратын бұрынғы орынбасары туралы пікір білдірді

ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев жаңа министрлікке басшы ретінде тағайындалған өзінің бұрынғы орынбасары Мағзұм Мырзағалиевке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мағзұм Маратұлы - тәжірибелі басшы. Ол алты жылдан астам уақыт бойы Энергетика вице-министрі лауазымында қызмет етті. Бізде түрлі саланы қадағалады, оның ішінде жер қойнауын пайдалану бағытымен айналысты. Сонымен қатар еліміздегі геологиялық проблемаларды да жақсы біледі. Экология мәселелерін жақсы түсінетін маман. Менің ойымша, Мағзұм Маратұлы өте сауатты әрі қазіргі заманғы талаптарға сай маман. Ол жинақтаған тәжірибесі мен білімі арқылы өзіне жүктелген сенімді ақтай алады деп ойлаймын», - деді Қанат Бозымбаев Парламент Мәжілісінде тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Еске сала кетейік, жақында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалды.