27 қар, 2017 сағат 11:46

Бозымбаев дизель отыны неліктен қымбат екенін түсіндірді

Энергетика министрі Қанат Бозымбаев елімізде неліктен бензин бағасы қымбаттап жатқанын түсіндірді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпаратkaz.tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

"Қысқы, жазғы және маусымаралық дизель отыны бар. Қазақстандағы зауыттар қысқы дизель отынын шығармайды және біздің зауыттарда кез келген апаттан дизель отынының бағасы өзгермейді. Себебі бензин 100 пайыз Ресей Федерациясынан импортталады", - деді министр.

Сонымен қатар, министр Павлодардағы мұнай өндеу зауытындағы апатқа қатысты түсінік берді. Айтуынша, зауыттағы төтенше жағдай дизель отының бағасына әсер еткен жоқ және Энергетика министрлігі қысқы дизель отынына ешқандай шектеу қоя алмайды.

"Бензин бағасын сұраныс пен ұсыныс белгілейді. Бұл бұрыннан келе жатқан әдіс - қысқы дизель отынының бағасы ешқашан өзгерген емес. "ҚазМұнайГаз" жазғы дизель отынының бағасы бойынша уәдесінде тұрмай отыр. "ҚазМұнайГаз" жұма күні кешкі уақытта 24-25 мың тонна отын әкелді. Жалпы, менің ойымша, елімізге осы уақытқа дейін Ресейден 80 мың тонна жазғы және маусымаралық отын әкелінді", - деді министр.

Онымен қоса, Бозымбаев еліміздегі мұнай өндіруші зауыттардағы кез келген жөндеу жұмыстары мен апаттардың отандық нарыққа бірден әсер ететінін айтты.

"Сонымен қатар, қазір біз үкіметте дизель отынын, бензинді және әуекеросинді резервтеу мәселесін қарастырып жатырмыз. Бүгін таңғы уақытта (жиын кезінде) маған жазғы дизель отынының бағасы шамамен 157 теңге, ал маусымаралық отынның бағасы 220-230 теңге екенін баяндады", - деді министр.

Еске салайық, мұның алдында ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев АИ-92 бензині қашан арзандайтынын айтқан еді. "Біз қазан айының соңында және қараша айының басында бензиннің орташа бағасы литріне 160-161 теңге болады деп есептеп отырмыз. Иә, бұл қымбат. Біраз біз онсыз Ресей Федерациясынан бензин жеткізе алмаймыз. (...) Қараша айында нарықта ресейлік бензин азайып, Павлодарда мұнай өндіретін зауыттар ащылып, барлық ұщ заыт жұмыс істейтін болады. Ал қараша айының екінші жартысында баға 161-162 теңгеден төмендеуі мүмкін", - деген еді энергетика министрі.