17 мам, 2017 сағат 10:08

Бөтен тойларға барып, ұрлық жасап жүрген ер адам ұсталды

Алматы полициясы тойда телефон ұрлаумен айналысқан жігітті ұстады. Ол 1983 жылғы Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы болып шықты.

Алматы қалалық полиция хабарлағандай, тойға шақыртусыз келіп, өзін өтірік қыз немесе жігіт жақтың танысымын деп отырған. Ішіп-жеп тойып алғасын үстелдің үстіндегі қарауыз телефондарды жымқырып тайып отырған. 34 жастағы жігіт осылайша 7 рет елді сан соқтырған.

«Оған қарсы ҚР ҚК 188-бабы бойынша бірнеше мәрте біреудің мүлкін ұрлады деген айып тағылып отыр. Сондай-ақ, оның Астанадағы ұрлықтарға да қатысы бар екендігі белгілі болды», - деді Медеу аудандық ІІБ басшысы Есен Ысқақов. Қазіргі таңда ол уақытша оқшаулау орнына қамалды.

"Ұлт ақпарат"