12 мау, 2019 сағат 12:43

«Bolashaq» қауымдастығы Қасым-Жомарт Тоқаевты құттықтады

«Bolashaq» Қауымдастығы Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланған Қасым-Жомарт Тоқаевты құттықтады. Құттықтаудың толық мәтінін назарларыңызға ұсынамыз.

«Bolashaq» Қауымдастығы Қазақстан Республика-сының Президенті болып сайланған Қасым-Жомарт Кемелұлына өз құттықтауларын білдіреді.

Біз, мүдделестер қауымдастығы ретінде, әрдайым ерекше жауапкершілікті сезінеміз және мемлекетіміздің ілгерінді жастары үшін мысал болуға тырысамыз.

Өткен сайлауда жасампаз тұғырнамасы аясында жастар буынының ерекше азаматшылдық пен жоғарғы отансүйгіштікті көрсеткені біз үшін өте маңызды.

Бүгінгі күні Қазақстан халқы Тұңғыш Президент – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев анықтаған бағытының сабақтастығын және әрі қарай қарышты дамуын нық сеніммен таңдады. 

Елбасымыздың саясатын жалғастыра отырып, әрқайсысымыз жастардың дамуының прогрессивті векторын, өз еліне бәсекеге қабілетті және пайдалы болу мүмкіндігін байланыстырады!

Жаңа даму кезеңінде «Болашақ» түлектері сайланып отырған Қазақстан Республикасының Президентінің бағдарламасын жүзеге асыру барысында белсенді жолбасшылар болуға дайын!