16 там, 2019 сағат 13:22

Болашақта қазақстандық түлектер ұлттық бірыңғай тестілеуді электронды форматта тапсыра алады.

Болашақта қазақстандық түлектер ұлттық бірыңғай тестілеуді электронды форматта тапсыра алады. Бұл туралы бүгін білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Білім министрлігі ҰБТ өткізу процедурасын өзгертуді жоспарлап отыр.

"Оқушылар түрлі әдіспен жүйені "алдап соққысы" келетіні жасырын емес. Телефон алып кіреді, балды өз білімімен емес, көмекші құралдардың көмегімен жинау туралы көбірек ойлайды. Сондықтан біз ҰБТ тапсыру жүйесін біртіндеп электронды форматқа көшіруді жоспарлап отырмыз. Осындай жоспарымыз бар", - деді министр тамыз конференциясында.

Аймағамбетов ҰБТ гранттардың ашық әрі әділ бөлінуіне кепілдік беруі қажет екенін атап өтті.

Айта кетсек, астанадағы Тәуелсіздік сарайында президенттің қатысуымен дәстүрлі тамыз конференциясы өтіп жатыр. Жиынға республиканың түкпір-түкпірінен екі мыңға жуық мұғалім келген.