27 мам, 2020 сағат 10:06

Болашақ педагогтар 42 мың теңге стипендия алатын болады - Президент тапсырмасы

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев педагогика мамандықтарының стипендиясын 26 мың теңгеден 42 мың теңгеге арттыруды тапсырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Педагогика мамандықтарына түсуге қойылатын талаптарды біртіндеп арттыру қажет. Оларды тартымды ете түсу үшін болашақ мұғалімдерге арналған шәкіртақыны 26 мыңнан 42 мың теңгеге дейін арттыру керек», - деді Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің онлайн форматтағы 3-отырысында.