19 қар, 2018 сағат 09:34

Бокстан жаңа құрама жасақталды

Ақтауда өткен бокстан Қазақстан біріншілігінен кейінгі қорытындыға сәйкес, бас бапкер Мырзағали Айтжанов жаңартылған ұлттық құрама тізімін жария етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, жаңа команда құрамына ел чемпионатының жартылай финалына жеткен барлық боксшылар енді. Сондай-ақ, жастар құрамасының бірнеше спортшысы да бас құрамаға шақырту алды.

«Ұлттық құрамаға тұңғыш рет қабылданған спортшылар - Сәкен Бибосынов пен Оразбек Асылқұлов. Кейбір салмақтарда үздіктердің орны ауысты, төртінші нөмірлі спортшылар үшінші сатыға өтті. 81 келідегі Әділбек Ниязымбетовтың шаршы алаңмен қоштасқанын білесіздер.

Қалған салмақтарда айтарлықтай өзгеріс жоқ. 49,56,75,91 келі салмақ дәрежелерінде шын мықтылар өз атақтарын қорғап қалды. Ал Ниязымбетовтың орнын Бек Нұрмағанбет басады деп сеніммен айтамын», - деді Айтжанов.

Құрама қатарында 91 килограмм салмақ дәрежесінде 2016 жылғы Олимпиада күміс жүлдегері Василий Левит, ал 56 килограмм салмақ дәрежесінде – 2017 жылғы әлем чемпионы Қайрат Ералиев.

"Левит, Ералиев туралы біреулер "ой, олардың жасы болса, мұнша" деп айтуы мүмкін. Уақыты келгенде, бокстан кетуге өздері шешім қабылдайтын болады. Әзірге олар қатардан қалыспай, жоғары деңгейде жұдырықтасып жүр", — деп пікір білдірді Мырзагғли Айтжанов.

Бокстан Қазақстан командасының толық құрамы:

49 келіге дейін:

1. Теміртас Жүсіпов (Ақмола облысы)
2. Ермек Мәдиев (Жамбыл облысы)
3. Жандос Несіпжан (Алматыя облысы)
4. Жомарт Ержан (Түркістан облысы)

52 келіге дейін:

1. Сәкен Бибосынов (Түркістан облысы)
2. Азат Махметов (Астана)
3. Анвар Музапаров (Алматы облысы)
4. Абай Қуандықов

56 келіге дейін:

1. Қайрат Ералиев (Түркістан облысы)
2. Жанболат Қыдырбаев (Жамбыл облысы)
3. Нұрбол Қалжанов (Маңғыстау облысы)
4. Оразбек Асылқұлов (Ақмола облысы)

60 келіге дейін:

1. Закир Сафиуллин (Шымкент)
2. Саматәлі Төлтаев (Маңғыстау облысы)
3. Серік Теміржанов (Павлодар облысы)
4. Бағдат Уайдаев (Қызылорда облысы)

64 келіге дейін:

1. Бекдәулет Ибрагимов (Түркістан облысы)
2. Санатәлі Төлтаев (Маңғыстау облысы)
3. Сабыржан Беқбергенов (Ақмола облысы)
4. Талғат Шайкен

69 келіге дейін:

1. Абылайхан Жүсіпов (Қарағанды облысы)
2. Асланбек Шымбергенов (Жамбыл облысы)
3. Маулен Өскенбек (Маңғыстау облысы)
4. Ермахан Жәкпеков

75 келіге дейін:

1. Әбілхан Аманқұл (Жамбыл облысы)
2. Ерік Әлжанов (Маңғыстау облысы)
3. Тұрсынбай Кұлахмет (Қызылорда облысы)
4. Нұрбек Оралбай

81 келіге дейін:

1. Бек Нұрмағанбет (Түркістан облысы)
2. Тимур Ержанов (Шығыс Қазақстан облысы)
3. Михаил Коханчик (Қостанай облысы)
4. Нұрлан Сабыров (Маңғыстау облысы)

91 келіге дейін:

1. Василий Левит (Астана)
2. Бекзат Нұрдәулетов (Маңғыстауская облысы)
3. Абзал Құттыбеков (Түркістан облысы)
4. Айбек Оралбай

91 келіден аса:

1. Қамшыбек Қонқабаев (Қызылорда облысы)
2. Нұрлан Сапарбай (Түркістан облысы)
3. Айболды Дәуренұлы (Маңғыстауская облысы)
4. Дамир Тойбай