23 қыр, 2019 сағат 05:18

Бокстан ұлттық құрама елге оралды

Бүгін бокстан Қазақстан құрамасы Екатеринбургта өткен әлем біріншілігінен елге оралды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасы аталған әлем чемпионатында 1 алтын, 1 күміс, 4 қола жүлде жеңіп алды. Жалпы медаль кестесінде ұлттық құрама 3-орынға жайғасты. Бекзат Нұрдәулетов (81 кг) чемпион атанса, Қамшыбек Қоңқабав (91 кг) күміс медаль иеленді. Ал Сәкен Бибосынов (52 кг), Абылайхан Жүсіпов (69 кг), Тұрсынбай Құлахмет (75 кг) және Василий Левит (91 кг) қола жүлдені қоржынға салды.