11 нау, 2020 сағат 21:55

Бокстан Амман турнирі: Василий Левит екінші алтын медаль алып келді

Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан бокстан Олимпиадаға іріктеу турнирінде Василий Левит ел қоржынына екінші алтын медаль салды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

91 келі салмақта өнер көрсететін Василий Левит бұл жолы да ел намысын абыроймен қорғады. Ол финалда Жаңа Зеландия өкілі Дэвид Никамен жұдырықтасып, чемпиондық атаққа қол жеткізді.

Осылайша, қазақстандық боксшылардан финалға шыққан төрт боксшының екеуі чемпион атынып, екеуі күміс жүлдені қанағат тұтты.

Күмісті осыған дейін хабарлағанымыздай, 63 келі салмақта Зәкір Сафиуллин мен 75 келі салмақта Әбілхан Аманқұл иеленді. Бірніші «алтын» 81 келі салмақта Бекзат Нұрдәулетовтің еншісінде болса, екінші алтын жүлдені Василий Левит қанжығасына байлады.