14 қыр, 2018 сағат 11:49

Бокстан Әлем чемпионы Галиб Джафаров жаңа қызметке тағайындалды

Әлем чемпионы Галиб Джафаров Бокстан олимпиада резервін даярлайтын балалар-жасөспірімдер облыстық мамандандырылған спорт мектебінің директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ақтөбеде тәрбиеленіп, 2003 жылы Тайландта өткен бокстан Әлем чемпионатының жеңімпазы болған Галиб Джафаров өскен өлкесіне қайта оралды. Ол енді Ақтөбедегі Бокстан олимпиада резервін даярлайтын балалар-жасөспірімдер облыстық мамандандырылған спорт мектебінің директоры қызметін атқарады.


«Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Мейрамбек Махамбетов жаңа басшыны спорт мектептің ұжымына таныстырып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі. Тағайындау барысында Галиб Джафаров өзіне артылған жауапкершілікті сезінетінін және жүктелген міндеттерді орындайтынын айтып, басқарма басшынының сенімділігіне ризашылығын білдірді. Ол боксты дамытуға өз үлесін қосуға уәде берді», - деп хабарлады облыстық спорттың баспасөз қызметі.


Айта кетейік, Галиб Джафаров бұған дейін Батыс Қазақстан облысының Олимпиада резервтерін даярлау орталығының директоры қызметін атқарған-ды.