#
#
Бейсенбі 17/10/2019

Бокстан әлем чемпионаты: Абылайхан Жүсіпов қола медаль алды

  • 20.09.2019
  • 0
  • 462

Қазақстандық Абылайхан Жүсіпов Ресейдің Екатеринбург қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына төртінші қола медаль салды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Абылайхан Жүсіпов 69 келіде ресейлік боксшы Андрей Замковоймен қолғап түйістірді. Бүгінгі жекпе-жекте қос қарсылас тартысты бәсеке көрсетті. Бір-біріне жұмсаған соққылары дәл тиіп жатты. Абылайхан өзінен он жас үлкен ресейлік былғары қолғап шеберінің осал тұсын табуға барынша тырысты. Дегенмен төрешілер жеңісті ресейлік боксшыға берді.

Абылайхан Жүсіпов 1997 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Бұған дейін 2017 жылы әлем чемпионатында қола, Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанған.

Ол 69 келіде биылғы әлем чемпионатын 1/16 финалдық сатысынан бастап, онда таиландтық Вуттичай Масухты тізе бүктірді. Одан кейін 1/8 финалда германиялық Ник Бурды жеңді. Ширек финалда Доминикан Республикасынан келген Эмилиано Поланкодан басым түсті.

Бүгінгі қарсыласы Андрей Замковой - Ресейдің 32 жастағы тәжірибелі боксшысының бірі. Ол 2012 жылы Олимпиадада қола алса, 2009 жылы әлем чемпионатында қола жүлдеге қол созды.

Бұған дейін бүгін қазақстандық үш боксшы қарсыластарына есе жіберді. Нәтижесінде Қазақстан қоржынына үш қола медаль түсті.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар