#
#
Дүйсенбі 16/12/2019

Бокс: Рио Олимпиадасындағы бірде-бір рефери Токиода төрелік етпейді

  • 21.11.2019
  • 0
  • 546

2016 жылы Рио-де Жанейродағы жазғы Олимпиада ойындарында бокстан төрелік еткен бірде-бір рефери 2020 жылғы Токио Олимпиадасына қатыстырылмайтын болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Халықаралық Олимпиада комитетінің сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Халықаралық Олимпиада комитеті ашықтықты қамтамасыз ету үшін Халықаралық бокс қауымдастығының (AIBA) тәртібіне нақты өзгерістер енгізіп отыр.

«Осыдан былай, төрешілердің берген бағасы әр раундтың соңында жарияланып тұрады. Талас туған жағдайда мәселені ХОК-тың бокс бойынша білікті лауазымды тұлғаларынан құралған пул шешеді. Рио-2016 Олимпиада ойындарына қатысқан бірде-бір судья Токио-2020 жылғы Олимпиада ойындарына қатыса алмайды», - делінген ХОК хабарламасында.

Еске сала кетсек, Рио-де-Жанейро Олимпиадасында Василий Левит Олимпиаданың күміс жүлдегері атанған болатын. Қазақстандық боксшы финалда ресейлік Евгений Тищенкомен жұдырықтасып, төрешілердің шешімімен жеңіліске ұшыраған.

Алайда Халықаралық олимпиада комитетінің басшысы Томас Бах комитет 2016 жылғы Олимпиадада болған кейбір бокс жекпе-жектеріне қатысты шешімдердің объективтілігін зерттейтінін мәлімдеген. Ол айқастардың бірі - Василий Левит пен Евгений Тищенконың жекпе-жегі еді.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар