22 қаң, 2020 сағат 06:45

Boeing компаниясы 737 Max ұшағын шығаруды уақытша тоқтатты

Boeing компаниясы 737 Max ұшақ маркасын құрастыру жұмыстары уақытша тоқтатылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат CNN-ге сілтеме жасап.

Компания желтоқсан айында ұшақ шығару жұмыстарын уақытша тоқтату жоспары туралы хабарлаған еді, бірақ нақты күні айтылмаған болатын.

«Боинг жұмыс тоқтатылса да, қызметкерлерді қысқарту болмайды. Олар басқа жобаларға ауыстырылады. Азаматтық авиацияның федералды басқармасының хабарламасында ұшақтардың қауіпсіздігі басты назарда екені, басқарма Boeing 737 MAX модификациясының жоғары стандарттарға сай болуын тексеру процесі мұқият жүргізілетіні айтылған», - деп жазады агенттік.

Әзірге тексеру жұмыстары қашан аяқталатыны белгісіз. Былтыр наурыз айынан бастап 737 Max ұшағының апатынан жалпы 346 адам қаза тапқан. Ал Boeing ұшақты клиенттерге жктуізе алмаса да, Max ұшақтарын шығаруды тоқтатпаған. Компания аталған маркадан айына 42 ұшақ шығарған. Қазіргі таңда Вашингтон мен Техаста 400 ұшақ әлемнің түкпір түкпіріндегі әуе компанияларына жіберілуге дайын тұр.