#
#
Жұма 23/06/2017

Бодлер: "Жалыны өшкен жүрегімнің бұрышында қалғиын"

  • 07.06.2017
  • 6
  • 1484

Ақын, сыншы, аудармашы Шарль Пьер Бодлердің бір топ өлеңін жас ақын Еділбек Дүйсеннің аудармасында оқырман назарына ұсынып отырмыз.

Әлем және француз әдебиетінің классигін қазақ тілінде оқып көріңіз, қадірлі оқырман!

* * * 

Әрі қашқан соқпақтарда сүрінген кез кенеттен, 
Өткен күннен естелік боп бетке соғып жел еппен, 
Соның бәрін еске салған аяулы еді, о, неткен! 

Шығыс жақтан бақыт таңы қызараңдап жырақта, 
Азап пен күресудің арасынан, құлаққа 
Жаңғырықтың даусы жетсе- 
Жеттім дей бер мұратқа! 

Сол жаңғырық!- 
ескі шерді қозғап кетер озалғы, 
Ескі өмірге көміп кетер! 
Жастық пенен махаббатқа толып кетер көз алды! 

ПОРТРЕТ 

Ауру! Ажал! 
Сенің арқаң, күлге айналды жан- күйім, 
Жалыны өшкен жүрегімнің бұрышында қалғиын. 
Бір уыс құм болғаны ғой- 
үлбіреген ернің мен 
мойылдайын көздеріңнің әлди-әлди-әлдиі. 

Қиқымдарға көзін сатқан мендік Жанның жанары, 
Сенің күңгірт шеңберіңдей, күңгірт болып қалады. 
О, қайдасыз, 
тоғысқанда жарық пенен жалқы сәт, 
Мені тегі, 
елітетін әсерлердің шарабы?! 

Бірақ, ол да мендей жалғыз өлер, сезіп сыз демін, 
«Уақыт» деген қаба сақал қария бар, тынымсыз, 
Жан шошырлық қанатымен өшірер өз іздерін. 

Күндерімнің жаналғышы, 
Қара ойлардың қаншері 
Мәңгі ойымнан шығартпады, сәтке дейін осынау, 
Паңдану мен таңғалуға бөлеп кеткен жан, Сені! 

КҮЗГІ ӘУЕН 

І 

Біз суықта оянамыз жылаған, 
Жарық әлем! 
Біз тұрғанша тұр аман! 
Мен естимін, бөренелер ызыңын, 
Кеше ғана ағаш болып құлаған. 

Маған бүгін қыс келгені-ай, ұр қылық, 
(Жеккөрініш пен тоңу кетті бір кіріп) 
Тамұғына айнал, Жүрек, полярдың, 
Қызыл тоң боп қалған күнді үлгі ғып! 

Қорқынышты, ағаштағы ішкі дем, 
Жаңғырығы- дар тұрғызған күш, білем. 
Миым- құлап бара жатқан ғимарат, 
Мігір таппай ұрып жатқан үстінен. 

Көрген түстер, мендегі бар ғұзырды ап, 
Құлақта- көр қазған тырсыл, жүз ырғақ. 
«Қабір кімге?» деген айғай- шуыл да, 
Қоштасудың әнін салар ызыңдап. 

ІІ 

Мен сүйетін қайғылы, жасыл көзің қандай-ды! 
Бұрынғы бал шәрбаттан, зәһарлы уды талмаймын. 
Жоқ! Ол менің ошағым, 
тіпті, күйген толқында 
күннің шұғыласын да алмастыра алмайды! 

Мейлі, залым болайын (жанын отқа күйдірген), 
Сонда да сен анамдай болшы, 
мені, сүй, бірден. 
Құрбым! Әпкем! 
Әйтеуір, кім болсаң да әлдиле! 
Анау күнді, күз сынды, көкжиекке идірген! 

Көр күтіп тұр алдымда, салып қояр әуреге, 
Ұлықсат бер! Алдыңда жығылайын сәждеге! 
Жазды жоқтап, 
жылап- сықтап, 
Қанып алсам шіркін- ай! 
Күздің өзі ұсынған сарғыш- лағыл сәулеге! 

ЫМЫРТТА 

Тағдырдың әмірі- табытқа қамалдым, 
Жәй- күйі беймәлім, қайғылы ымыртқа орандым. 
Егем- түн. 
Зағиптың күйіне түскендей, 
Жанардан жарқылдар жым- жылас жоғалды. 

Арманым бейнелеп мәңгілік ымыртта, 
Қанқұйлы Құдайым жіберген мұң ұрттап. 
Аспаздай, ыстыққа қайнатып жүректі, 
қаужаймын, іштегі тығып ап тұныққа. 

Мінеки, тұтанып, ұлғайды бір ұшқын, 
Шекара арқылы көзімді бұғаулап 
жатқаны- ай, ғажайып бейнесі шығыстың. 

Әнеки! 
Аспандап, керіліп, тоқтарын сезіп ем, 
Мен оны таныдым- 
біресе, топ- толық, 
біресе, оты өшкен, қараңғы көзінен... 

СӘТСІЗДІК 

О, Сизиф! 

Ешкімнен де қаймықпайтын мінезің бар, көрерге, 
Әй, шіркін- ай! 
Сол елесің кеудеме бір енер ме! 
Тек бір сәттік уақытта 
тән, мәңгілік өнерге 
Бір туынды жасар едім, ұқсап ұлы шеберге! 

Мазардағы табыттарға таңса-дағы барымды ап, 
Тастап қашты табытыңды рухымдағы бар ырғақ! 
Менің рухым- әсем әнін, дәл өзіндей Ажалдың, 
Айтуменен келе жатыр барабандай дабылдап! 

Алыста қап 
Күрегіңіз, сүйменіңіз сайланған. 
Қараңғыда, барлығын да сызып тастап есінен, 
ұйықтап жатыр Қазынаңыз үйіндіге айналған! 

Тұл жапанда 
(ешкімнің де ешкімі жоқ көрері) 
Жас өскіндер дәл өкініш сияқтанған тым терең 
құпия бір тәтті иісті төгіп... өсіп келеді... 

* * * 

Үндемейсің, сүйіктім, ұяласың, 
Ажар берер ешкім жоқ түнге өзіңдей! 
Бар қайғымның құйылған пияласы- 
Жарым түнгі аспанның күмбезіндей. 

Шөл мен Сені сүюден сертім біткен, 
(Ыстықты аңсау бұйырған құсалыға) 
Мені тастап, қашсаң да еркіндікке, 
Тап боласың, бәрібір, құшағыма. 

Сен- мұз. Мен- от. 
Жаныңды жайлап келем. 
Жоқ! Суыққа қыла алман мен ештеңе. 
Өз басыма пәлені айдап келем, 
Өлікқұрттай, жүгірген өлексеге. 

Сүйем сені! 
Сенің бір пақырыңмын, 
Зұлымдықтан қайтпайтын мақұлығым! 

ЖҰПАР 

Шайырды ішкен (мынау, шіркеу сөресіне ілінген) 
Анау, шәйі кестесіне сіңген иісті сімірген 
жан болсаңыз 
сезер еңіз рахат сыйлар бір Күшті 
Ерікті алып, 
жан балқытып, 
тамыр қуып жүгірген... 

Күш дегеннің сарқыларын түсінесіз, сірә, сіз, 
Сарқылса да, өзге күшпен толысарын ұғасыз. 
Ал, бұл, еске түсірмей ме: 
бейне нәзік денеден 
үзіп...жұлып алған шақты мінсіз гүлді күнәсіз. 

Құмарлықтың табы қалған ыдыспен тең, мұратым, 
Оның бұйра ішігінен- 
асық етер өзіне 
Мұң мен орман иісінің толқыны есіп тұратын. 

Киелі һәм пәк жастықтың демі арқылы 
Үлпілдек 
ішігіңде сіңіп қалған, құдды мені шараптай 
мас қылатын ақ тәніңнің иісін ішем біртіндеп. 

ЕЛІКТІРГІШ ҚОРҚЫНЫШ 

«Той тойлағыш тобырларда қалып қойған өрелер, 
Сене көрме: көк күмбезден асты десе, ел егер. 
Сенің анау іші қуыс, төңкерісшіл кеудеңді 
Олар немен толтырады? 
Қорек етер не берер?» 

-Мына менің қанағатсыз Ақыл-ойым- шырағым, 
Көптен бері тек түнектен тауып жатыр құмарын. 
Ол Овидий секілденіп үндемейді, тіс жарып, 
Көз алдында жоғалтса да өз латын жұмағын. 

Сен,- үстінде қара бұлттар қатар дүзеп, әрі асқан, 
Қара киген жолдары мен жағалауы таласқан 
Мекендегі 
Күмбезімсің салтанаты жарасқан! 

Күмбезімсің, сұсты әрі салтанатты, алып тым. 
Біле білсең! 
Жарқыл! Сен бір сәулесісің тамұқтың! 
Жанымызда- даңғырлаған бос қуаныш, 
Жалықтым! 

ЖАҚТАУ 

Ең сұлу суретті қаптаған жақтауға жолықтым, 
Мақтауға тіл жетпес. Жанға тұр төгіп нұр. 
Көз жауын алардай құпия сызықпен 
Оны бар табиғат атаулы әлемнен бөліп тұр. 

Алтын тақ секілді талғампаз әріне, 
Металл мен жалынның ұшқынын аптаған тәніне. 
Өзінше, бірдеңе қоспаққа талпынып бағады 
Бәрі де, 
Бәрі де, 
Бәрі де! 

Жібегі, әлдиге алып тұр ақ тәнін ұятты, 
Әй, бірақ, 
сұлуға сұлулық қоспаққа ұмтылған бәрі де, 
Суреттің көркінен мылқауға айналған сияқты. 

Дейсіз ғой, 
Кербезге әсемдік сыйлаған бұл қалай? 
сұлуға сұлулық қоспаққа ұмтылған бәрі де, 
Суретті шошақай маймылға ұқсатып тынғаны-ай! 

ҚАНЫПЕЗЕРДІҢ ШАРАБЫ 

Соған кетті бар ақым, 
Сыйғанынша іш! 
Сарқып іш! 
«Бер» деп, беттен алатын, 
Қатын өлді. Жан тыныш! 

Билік! Емес, ол да алшақ, 
(Ауа! Қандай таза едің!) 
Оған ғашық болған шақ 
Дәл осындай жаз еді. 

Ішсең: көңіл-күй сонда! 
Шығарсың-ау аңсаған?! 
Бейітіңе құйсам да, 
Аздық етер дәл саған! 

Оны тастап құдыққа, 
Үстім бастым таспенен. 
Болам енді ұмытпақ, 
Шамам жетпес, әттеген! 

Татулыққа бекініп, 
Өткен күнге шөлдедім. 
Оған талай өтініп: 
«Кел! Кел!»дедім, 
«Кел!» дедім. 

Болмашыны бақылап, 
Ұмытпасақ, сорлаймыз. 
Әйел, байғұс- ақымақ, 
Еее, бәріміз сондаймыз. 

Білдім. Біздің жол да айрық, 
Гүлденбейтін бүр едің. 
Сүйгендігім сондайлық: 
Өлімді де тіледім. 

Құмар жанның ішуге, 
Ақкебінін, Жаратқан! 
Көрсетер ме ең түсінде 
Тігілгенін шараптан. 

Сезімсіз ед сұлуым, 
Керек оған байыған. 
Сыйламады-ау жылуын, 
Сөз дарымас айуан! 

Сықырынан сүйектің- 
Сиқырынан мыстанның- 
Сылдырынан шынжырдың- 
Ең ауыры азаптың- 
Көз жасынан тозақтың- 
«Өлім» деп қол бұлғаған, 
Дем салынған тұнбадан- 
тіптен ауыр тұратын- 
үрейлі әрі сұрапыл- 

МАХАББАТТАН бар, қашып, 
Тамұқты да сұрар ем. 
Шарап ішіп, алжасып, 
Лай- балшыққа құлар ем. 

Талғамастан жан-жағын, 
Жайпап өтер бар маңды. 
Доңғалағы арбаның, 
Езген шақта кәлламды 

Қыңсылаумен қайтам да, 
Соңғы демді бітірем. 
Сабырды алған- 
Сайтанға, 
Құдайға да түкірем! 

МЫСЫҚ 

Кел, секірші! 
Кел, мысығым! 
Көкірегіме шығарайын сені мен! 
Жасыр өткір тырнағыңды, жүзі сынды араның. 
Жауһар менен металдардың қоспасындай еріген, 
Жанарыңа, 
Мұрсат берші, үлгерсінші жанарым! 

Сенің жұмсақ жонарқаңды бәлкім, сипап берермін, 
Қолым мамық жүндеріңді тарап өзді-өзінен. 
Бейне, электр тоғы ұрғандай, сенің нәзік денеңнің, 
Әр дірілін, мас қылатын қолдарыммен сезінем. 

Сені көрсем, көз алдымда: менімен де ұғыс деп,- 
Көлбеңдейді суық бейне жүзі сендей әйелдің, 
Қақ басыма тақалғандай қан сасыған қылыш кеп. 

Бұлқынуға дәрменім жоқ. Бастан-аяқ байлап ап, 
Кеудемдегі, өлтірердей улы балдың иісі, 
Қара торы тәнім ішін жүзіп барады аймалап... 

ОНОРЕ ДОМЬЕ СУРЕТІНЕ АРНАУ 

Мынау тұрған портретте, ілулі- 
Данышпан жан, тіл ұғысқан суретпен. 
Ол- біздерге, өзімізге күлуді, 
Тек бір ғана қылқаламмен үйреткен! 

Жұрт үстінен қарамастан келеді, 
Әзілқой боп кетсе- дағы кейде осы. 
Мейіріммен кескіндеп-ақ береді, 
Зұлымдықтың, жауыздықтың бейнесін: 

Алау үсті Эвменидтің, сыйдырып, 
Мефисто мен Мельмотаны орнатқан. 
Оларды өртеп, тәнін отқа күйдіріп, 
Тоңазытып біздің жанды, сорлатқан. 

Күлкілерде- із қалдырған әуре-мұң, 
Жан ауыртқан ауру ма екен қашаннан?! 
Күлкілерде- нұр балқыған сәуленің 
Һәм жүректің мейірімі қашалған! 

АЗАПТАНУ АЛХИМИЯСЫ 

Беу, Табиғат! 
Сен- өзісің, жалынның, 
Біреулерге- мұз секілді-ау тұрысың. 
Бәлкім... 
Бәлкім- түнегісің қабірдің, 
Мүмкін,-өмір нұрысың?! 

Беу, құпия Гермес! 
Сені сүйіп ем! 
Көңіліме үрей құйып, дем ерген. 
Түскен кезде алхимия күйіне 
Мидасқа да теңгерген! 

Мен сенімен (сөздің ұзын- ырғасы) 
Қалбырдағы айналамын алтынға 
көктен көріп сүйкімді өлік сұлбасын. 

Сүйкімді өлік: 
кебін тіккен бұлттан. 
Жұлдыздардың тізбегі ұшқан жерге, анау, 
Қабір қоям! 
Өлсем сені ұмытпан! 

Аударған: Еділбек Дүйсен

Ұлт порталы

6 пікір

  • VCәрсенбі, 07.06.2017

    Аударшы мырзаға рахмет! Қазақ əдебиетінің іргесін кеңейте түсіңіз!

  • СветқалиБейсенбі, 08.06.2017

    Еділбек, талабың тассын! Рахмет. Осындай батыл қадамдар жасай бер. Біз - тілекші. Бодлердің "Құдайы сыбырын" ғана тәржімала...

  • AidarБейсенбі, 08.06.2017

    Кей өлеңдерін түпнұсқадан оқығандай болдым. Өлеңнің дәмін сездірді деген осы шығар!

  • ЖанақалаCәрсенбі, 14.06.2017

    Аудармаға деген талабың қуантты! Жарайсың Едуш!

  • Шаңбаева ГүлназымCәрсенбі, 14.06.2017

    Ақ кластасым керемет

  • Шаңбаева ГүлназымCәрсенбі, 14.06.2017

    Ақ кластасым керемет

Пікір қалдыру

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар