07 сәу, 2018 сағат 22:15

БҚО тұрғынынан 70-ке жуық киік мүйізі табылды

Ер адам киіктерден кесіп алынған 68 мүйізді алып бара жатқан жерінен ұсталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР АШМ-нің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахметке сілтеме жасап.

Ол өзінің Facebook парақшасында рейд жұмыстары барысында «Охотзоопром» мекемесінің инспекторлары 6 сәуір күні сағат 19-00-де «Қазталовка-Жәнібек» трассасының бойынан Жәнібек ауданының 26 жастағы ер азаматы басқарып бара жатқан «Фольксваген-Гольф» көлігін тоқтатқандығын жазды.

«Оның көлігін тексеру барысында киіктерден кесіп алынған 68 мүйіз табылды», - деп хабарлады Сәкен Ділдахмет.

Аталған факті бойынша, Қазталов аудандық АІІБ ҚР ҚК-нің 339 бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.