30 қаң, 2018 сағат 11:39

БҚО-ның шалғай аудандарында әуежай салынбақ

БҚО-ның ең шалғай аудандарында шағын әуежай салынады. Бұл туралы «Жайықпресс» ақпарат орталығы хабарлады. 

БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Қазбек Меңеевтың айтуынша, Бөкей Орда, Жәнібек, Қазталов аудандарының орталығында шағын әуежайлар салынбақ.

- Алдағы уақытта Бөкей Орда, Жәнібек, Қазталов аудандарының орталығында шағын әуежайлар салынып, тығыз-таяң жолаушылар үшін Орал қаласымен екі ортаға ұшақ қатынасымен баруға мүмкіндік туады, - деді ол. 

Қазбек Меңеевтің айтуынша, Жәнібек пен Орал қаласын байланыстыратын күре жолға асфальт төсеу жұмыстары жалғасады. Сонымен қатар Өнеге елді мекеніне дейін асфальт жол салудың жобалық-сметалық құжаты биыл жасалмақ. Ал таяудағы 4-5 жылдың төңірегінде асфальттау жұмыстарының толық  аяқталауы жоспарлануда.

Еске сала кетсек, бұл мәселе он шақты жылдан бері айтылып, шешімін таппай келеді.