#
#
Жексенбі 24/03/2019

БҚО-да "Зеленов" ауданының атауы қазақшаланды

  • 03.01.2019
  • 0
  • 772

Батыс Қазақстан облысының "Зеленов" ауданы "Бәйтерек" ауданы болып өзгерді. 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 21 желтоқсандағы № 855 қаулысы.

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

"Батыс Қазақстан облысының Зеленов ауданын қайта атау туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

Батыс Қазақстан облысының Зеленов ауданын қайта атау туралы

"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Батыс Қазақстан облысының Зеленов ауданы Бәйтерек ауданы болып қайта аталсын.
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н.Назарбаев

Ұқсас жазба:

БҚО-да Зеленов ауданының атауы өзгермек

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар