#
#
Бейсенбі 17/10/2019

БҚО-да тағы бір IT-сынып ашылды

  • 20.09.2019
  • 0
  • 1304

Батыс Қазақстан облысына қарасты Қаратөбе ауданындағы Шөптікөл мектебінде IT-сынып ашылды. Бұл туралы БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жаңа IT-сынып «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында, Нұр Отан партиясының «Балаларға арналған ақысыз IT-сынып» жобасы шеңберінде ашылып отыр.

«IT-сыныпта 5-10 сынып оқушылары білім алады. Заманауи үлгіде жабдықталған сыныпта білім алушылар ақпараттық технология саласын меңгереді. Онда Web сайттар ашып, робот құрастыру және оны басқару тәсілдері үйретіледі», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар IT дағдыларды игерушілер ақпараттық технология саласындағы республикалық, халықаралық байқауларға қатысып, өздерінің тың идеясын дамытып, жүзеге асыра алатын болады.

Қазіргі таңда Қаратөбе ауданында 3 IT-сынып бар. Бұған дейін мұндай сыныптар Мұхит атындағы мектепте және Қаратөбе гимназиясында ашылған болатын. Жоспарға сәйкес, болашақта облыстағы басқа да білім ошақтарында бағдарламалау мен робототехниканы үйрететін сыныптар ашылады. Мәселен, 2019 жылы БҚО бойынша Орал қаласында 30, аудандарда 20, жалпы саны 50 IT-сынып ашу жоспарланған. Өткен жылы облыстық бюджет есебінен 15 сынып жабдықталған болатын.

Айта кетсек, алдағы уақытта еліміз бойынша 1000 IT-сынып ашылады деп күтілуде. Сонымен қатар жыл сайын 150 мың баланы бағдарламалау мен робот техникасының негіздері бойынша Еуропалық білім беру стандарты бойынша оқыту көзделген. Бұған қоса, алдағы 3 жыл ішінде ЖОО-да 20 IT-орталық ашылып, онда жылына 35 мың студент білім алатын болады. Орталықта әлемдік деңгейде сұранысқа ие цифрлық тәсілдер мен бағдарламалау түрлері оқытылады.

Еске салайық, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының төртінші бағыты бойынша IT-мамандарды даярлау міндеті жүктелген еді.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар