10 қар, 2017 сағат 10:26

БҚО-да полицей куәгерлердің көзінше ер адамды ұрып-соқты (Видео)

Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкері куәгерлердің көзінше ер адамды ұрып-соқты, - деп хабарлайды "Уральская неделя".

Газет редакциясына видео жіберген қолданушылардың айтуынша оқиғаның Тасқала ауылында болғанын айтады. Видеода полиция қызметкерінің формасын киген жігіт көшедегі бірнеше адамға ұрысып, ары қарай күш қолдана бастайды.  


Басылым БҚО ІІД басшылығына хабарласып, жарияланған мақаланы ресми сауалнама ретінде қабылдап, видеодағы ер адамның кім екені, қандай қызмет атқаратынын және неліктен қол жұмсағанын түсіндіріп беруді сұраған. 

kaz.tengrinews.kz