12 ақп, 2018 сағат 13:00

БҚО-да мұнай мен газдың ашық жану оқиғалары тіркелген жоқ

2018 жылдың 6 ақпаны күні БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында кезекті баспасөз мәслихаты өтті. Брифингке «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» ШЖҚ РМК БҚОФ директоры Ә.Ж.Көбенов, директордың орынбасары А.Б.Шумбалин қатысты. Спикерлер БАҚ өкілдерін аталмыш мекеменің жұмысымен таныстырды.

Кәсіпорын басшысы Ә.Көбеновтың айтуынша, «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» РМК-нің («КӘАҚҚ» РМК) БҚО филиалы өзінің тарихы 1932 жылдан, алғашқы таукен-құтқару қызметінің құрылуынан бастау алады. Күні бүгін мекеме ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетіне бағынады.

Республикалық мемлекеттік кәсіпорынның 12 облыста филиалдары бар. Кәсіпорынның Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында орналасқан 5 филиалы мұнайгаз саласының объектілеріне қызмет көрсетеді.

Жалпы, «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» құрылымында барлығы 2800 жоғары білікті кәсіби құтқарушылар, 600 бірлік авариялық-құтқару техникалары, 6700 бірлік арнайы мақсаттағы құрал –жабдықтар тәулік бойы кезекшілікте тұр және олар кез-келген қиындықтағы төтенше оқиғалар мен апатты жағдайлардың алдын алуға әзір. 

Күні бүгін Батыс Қазақстан филиалы меншігінде 6 ғимарат, кез келген ауа-райында және кез-келген қиындықтағы авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік беретін 26 бірлік автокөліктер мен арнайы техникалар, 50-ге жуық арнайы тыныс алу аппараттары, жоғары температура жағдайында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік беретін қорғаныш костюмдері, мамандарды даярлау, қайта даярлау бойынша оқу-әдістемелік орталығы бар. «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» РМК Батыс Қазақстан облыстық филиалында штат бойынша 143 маман жұмыс істейді.

85 жылдық тарихында кәсіпорын қызметкерлері қауіпті өндірістік объектілердегі күрделі және ірі көлемді аварияларды жою бойынша жоғары кәсіби деңгейлерін бірнеше рет дәлелдеді.

Облыста Қаршығанақ мұнайгазконденсаты кен орнының ашылуы әскерилендірілген авариялық-құтқару жасақтарының алдына жаңа, қиын міндеттерді қойды. Өйткені, кеніштегі геологиялық күрделі ерекшеліктер, аса қауіпті игеру тәсілдері құтқарушылардан айрықша қажыр-қайрат пен жедел бақылауды талап етті. Күні бүгін газдан құтқарушылар Қарашығанақ кен орнының қауіпсіздігін күнделікті қамтамасыз етуде. 

2017 жылы жасақ құтқарушылары "Жайықмұнай" ЖШС-нің Чинарев мұнай-газ конденсаттық кен орнындағы тактикалық арнайы оқу-жаттығуларға қатысты. Оперативным составом филиала произведены работы по спасению пострадавших, герметизации устья горящей скважины и ликвидация открытого фонтана. Было задействовано 15 человек личного состава и 5 единиц автотранспорта.  Получена положительная оценка руководством Департамента по чрезвычайным ситуациям ЗКО, ТОО «Жаикмунай».

Соңғы 20 жылда Батыс Қазақстан облысының аумағындағы қауіпті өндірістік объектілерінде мұнай мен газдың ашық жану оқиғалары тіркелген жоқ.