#
#
Сейсенбі 25/09/2018

БҚО-да күн күрт жылынып, су тасқыны болуы мүмкін

  • 14.03.2018
  • 0
  • 837

Батыс Қазақстан облысында Наурыз мерекесінен кейін күрт жылынып, су тасқыны болуы ықтимал, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Облыс әкімі Алтай Көлгіновтің айтуынша, өңірде қаңтар, ақпан айларында қар онша көп жауған жоқ. Әйтсе  де ақпан айынының соңғы онкүндігі мен наурыз басталғаннан бері қар көп жауды. Оның үстіне жердің тоңы өткен жылғыдан көп. Сондықтан қауіп бар. Қазіргі кезде тұрғындар арасында түсінік жұмыстары жүргізілуде. 

«Ең бастысы, өзендерде қауіпті тұстарда мұзды кесіп жатырмыз. Бұрынғыдай динамитпен жармаймыз, ол қоршаған ортаға зиян. Мұз тұрып қалады-ау деген жерлердің бәрі реттелуде. Екіншіден, қала мен елді мекендерден қар шығарылуда. Күні кеше 200 мың текше метр қар шығарылды. Бұған азаматтар да белсене қатысуы керек. Тасқала, Зеленов, Теректі аудандарында және Орал қаласының жеке үйлер орналасқан аумақтарында қар көп. Алда қар жауады деген болжам бар. Оның үстіне Наурыз мерекесінен кейін күн күрт жылып қана қоймай, жаңбыр жаууы да ықтимал. Сонда жерде тоң қалың болғандықтан, су деңгейі көтеріліп кетуі мүмкін. Осының бәріне дайын болу үшін тиісті шаралар алынуда», - деді өңір басшысы.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар