19 нау, 2019 сағат 12:07

БҚО-да колледж директоры өз-өзіне қол жұмсады

Батыс Қазақстан облысында колледж директоры өзіне-өзі қол жұмсады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға кеше Бәйтерек ауданы Калинин ауылында орын алған. Сағат 12.30-да өзіне қол жұмсаған ер адамның мүрдесі табылды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 105-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Марқұм сол ауылда колледж директоры болып жұмыс жасаған.