16 там, 2017 сағат 07:56

БҚО-да арық ішінде жұмысшыларды топырақ басып қалды

Батыс Қазақстан облысында арық ішінде құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан жұмысшылар топырақ астында қалды. Бір адам оқиға болған жерде қайтты, тағы екі адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды «Мой город» порталы.

БҚО ІІД-нің жергілікті полиция қызметінен хабарланғанындай, болған оқиға жөніндегі хабар 15 тамыз күні сағат 17-30-дар шамасында келіп түскен.

«Ақсайжылуқуат» АҚ жұмысшылары Советская кешесіндегі арықта жұмыстар жүргізіп жатқан. Бір мезетте қабырға опрылып түсіп, жұмысшыларды топырақ басып қалған. Бір адам оқиға болған жерде көз жұмды, екі адамның жағдайы ауыр, олар Ақсай орталық ауруханасына жеткізілді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 156 бабы, 3 бөлімі негізінде «Соңы адам өліміне алып келген еңбек қауіпсіздігі ережелерін сақтамау» әрекеті бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деп хабарлады БҚО ІІД-нің жергілікті полиция қызметінің бастығы Манарбек Ғабдуллин.

Төтенше жағдайдың өзге фактілері жөнінде әзірге мәлімет жоқ.