#
#
Сейсенбі 10/12/2019

БҚО-да апта бойы іздестірілген бойжеткен табылды

  • 12.11.2019
  • 0
  • 108

Батыс Қазақстан облысында 4 қараша күні жоғалып кеткен 22 жастағы қыз аман-есен табылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Құндыз Жолтаева 11 қарашада үйіне өзі қайтып оралған.

«Қазір қыздың жағдайы, денсаулығы жақсы», - деп хабарлады департаменттен.

Еске сала кетейік, бойжеткен 4 қараша күні шамамен сағат 09.00-де Ақсай қаласы Заводская көшесі, 88 мекен жайындағы үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Оның айырықша белгілері, киіп кеткен киімі бойынша ақпарат таратылып, іздестіру жұмыстары басталған болатын.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар