#
#
Бейсенбі 15/11/2018

Бізде неге бір заңға бір заң қайшы?

  • 09.07.2018
  • 0
  • 1813

Осы бізде неге бір заңға бір заң қайшы?! Неге біздің министрлік Елбасының айтқанының өзін амалдап кері орындауға тырысады?

Өткен жылы дүние жүзілік қазақ құрылтайында Елбасы шетелде келетін қазақ жастарының оқуға түсуіне арналған 2 % дық квотаны арттыруды тапсырды. Министрлік өткен жылы сол квотаны 4% ға көтерді. Рахмет айтып бәріміз қуандық. Себебі, шеттен келген бір қазақ болса да осында алып қалу, білімді жастардың санын арттыру. 

Ресей шетелдегі орыстарына неше он мың грантты Қазақстанның мектептерін аралап жүріп таратып жүр, керек болса бізде сол қадамға баруымыз керек! 

Бірақ, өкінішке бакалаврдағы квотаны көбейткен министрлік магистратура мен докторантураға бөлінетін грантқа шетелдік азамат қол жеткізе алмайды, - деген бапты енгізгенде шетелдегі этникалық қазақтарды мүлде ескермеген. Дәл осы шалағайлық кесірінен шеттен бакалавр бітіріп келген қаншама қазақ жастары екі күннен бері университеттерді жағалап құжаттарын өткізе алмай жүр, себебі, қолында ықтияр хат болса да шетелдіктер есебінде болғандықтан мемлекеттік грант оларға берілмейді. Тіпті олардың азаматтығы тамыз айында дайын болатын болса да, иемдене алмайды. Бұл не масқара?


Кеше Еуразия ұлттық университеттің қабылдау комиссиясына кірдім осы мәселе бойынша. естігенім жалғыз жауап, қолында ықтияр хат, оралман куәлігі болса да, магистратура мен докторантура грантын ала алмайды. Себебі, ол шетел азаматы. Неге? ықтияр хаты мен оралман куәлігі бар қазақ Қазақстан азаматымен тек дәрежеде ғой, оның үстіне бәрі азаматтыққа тапсырып қойған, тек азаматтық куәліктерінің шығуын күтіп жүрген қазақтар десем ЗАҢ СОЛАЙ, мен ештеме білмеймін, министрлікке айт дейді. Ал, министрлікке кеше хат жаздым жауап жоқ: 

Біз сонда еліне келген, жоғары білімі бар қазақтарды да өзекке тебеміз ба, сен бөтенсің, шетел азаматысың деп?

Құрметті, Ерлан Сағадиев және оның командасы, сіздерге еліміздің көші қон туралы заңы мен шетелдегі этникалық қазақтарға байланысты құжаттарды қайта оқып, мына шала шарпы бекітілген заңдарыңызды тез арада түзетуді сұраймын. Ерім дейтін ел болмаса, елім дейтін ер қайдан туады? Біз қазақтардың құқын шектемейік!

Аятжан Ахметжанұлының фейсбуктегі жазбасынан

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар