25 шіл, 2018 сағат 07:40

Біз қандай ұлтпыз?

«Адамда жақсы қасиет  болмаса,

оған бақ та, бақыт та қонбайды».

Жүсіп Баласағұни

«Тең – теңімен...» деген сөзді қапысыз қалай айтқан, қайран көреген де дана ұлы ата-бабаларымыз! Өмірлік шындыққа жүгінсек, расында да дәл солай. Бұл не деген өмірлік палсафа десеңізші...

Сөздің шындығын айтуымыз керек. Иә, қызын алтынмен аптап, күміспен күптеп, әшекейлеп, үкілеп өсіруді оздыра білетін, қызғалтақтай жайната отырып, қыздың құқығын алақанға салып, кіршіксіз аялай білетін, төрге отырғызып киесіндей қастерлей білетін, келешек еланасын тәрбиелей білуге келгенде қазақ ұлтындай жер бетінде ұлт жоқ. Яғни кешегі текті заманда қызға қатысты құқық атаулы әлемде теңдесі жоқ дәрежеде болғаны аян. Сондықтан да болар қызды ұзату тойын да айрықша ғажайып күйде өткізеді ғой.

Бұрынғы өткен есті де текті, өнегелі үлгісі зор заманда, қазақ қауымында әке-шешесі өмірлік жиып-терген ақыл-парасатымен, мол тәжірибесімен ұлына өмірлік жарды таңдай білудің, яғни тәрбиелі де мәдениетті, көркем мінезді, ибалы да инабатты, әдепті қызды (келінді) таба білудің арқасында ғана отбасын мәңгілікке құра білуге қатысты көкейкесті мәселеге аса айрықша мән берілгендіктен, бұл мәселе ең айтулы маңызға ие болғандығы өткен тарихымыздан белгілі. Ұлды 13 жасында отау иесі ете білу құдіретінің өзі теңдессіз керемет емес пе?! Сондықтан ол кезеңде ерлі-зайыптылардың ажырасуы деген ұғым-түсінік мүлде болмаған. Егер ажырасудың қандай да бір түрі кездесе қалған жағдайда, ол – өлімнен де аса ауыр, ең қасіретті апат болып саналатыны күні бұрын әмбеге аян болған.

Әйелдің бақыты – отбасы. Ал отбасы – мемлекет уығы. Сол себептен де жұбайлардың бақыты ең жарқын әрі баянды болуы үшін алдымен екі жақтың ата-аналары өзара көңілі суыспайтындай мәңгілік сыйластығы ең басты қағида болып саналғандықтан, оларды аса жоғары дәрежеде ұстана отырып, көксеген мәңгілік сыйластықты қапысыз қамтамасыз ете білудің мақсатында ұл мен қыздың ата-аналары тең дәрежеде болғаны, бір-бірін жан-жақты түсінісіп, терең ұғына білетін, кешірімпаздығы мен сабырлығы зор құрбы-құрдасы болғаны немесе әке-шешесін көптен бері жақсы білетін, текті кісілікпен өсіп-өнген, өнегелі танысының қызы болғаны, сондай-ақ өмірлік аңсаған ой-армандары мен ұлттық мүдделері, мақсат-мұраттары ортақ болғаны, міне, бұлардың бәрі сайып келгенде қатаң шартқа айналу қажеттілігі, үлгілі-өнегелі озық үрдіспен биікке жаңаша оза білуге деген құлшынысының ұтқырлығы абзал саналған. Келін ата-енесімен бірге тұрып, олармен сыйласа білудің үлгілі өнегесін оздырудың арқасында бала өсірудің құдіретін үйренген. Өйткені ата-ененің қасы-қабағына қарап, бабын тауып, ақ батасын ала алмасаң, баспайды алға қадам бір істің де. Бұрынғы кезеңде есті, текті ұлы ата-бабаларымыз қандай керемет текті кісілікті аңсап, ұрпағына даңғыл жолдың, дара, дана бағыт-бағдаршамның ұтқыр үлгі-өнегелерінің табантасын көреген кемелдікпен сала білген. Адамға ақыл-парасат бәсекелі жарыста алдымен өз өмірін ұтқырлықпен қалайда оздыра білу үшін беріледі.

Айталық құда-құдағи біткен дос-кұрбыдай сырлас бола жүріп, алыстан сыйласа білуді оздыра білсе ғана, ақылсыз, парықсыз, тексіз әке-шешесі кеткен қызының жеке отбасына опасыздықпен мұрнын сұғып, ішкі шаруасына араласпағанда ғана, қыз (келін) түскен босағасының бағын аша алатын өнегелі де үлгілі, әдепті ана болу бағытында ешқандай да қиындық тудыра қоймайтындығы сөзсіз. Тексіздігі, мәңгүрттігі... басым парықсыз, сабырсыз анадан тәрбиелі, әдепті, ибалы, иманды қыз тумайды. Мәселен, жұбайлардың ажырасуына қатысты зерттеуші мамандардың деректеріне сүйенсек, ажырасудың ең негізгі себептері – 70-80% қыздың ұлтсыз, тәрбиесіз, тексіз, парықсыз, надан, кеще, мәңгүрт әке-шешесінің кесапатынан екені белгілі болса, ал 20-30% кесірлі ененің кесапатынан екені анықталып отыр. Қысқасы бізге ұлттық намыс жетпей тұр, ұлтсыздық, тексіздік, тәрбиесіздік... Ендігі мәселе осы келеңсіз кесапаттарды болдырмаудың және оның алдын алудың мақсатында алдымен отбасындағы тәлім-тәрбие мен тәртіптің ұтымды үлгі-өнегелерін жаңартуды, асылдандыруды, үнемі жетілдіріп отыруды, оның ұтқырлығын заман талаптарына сай оздыра түсуді тезірек қолға алуымыз керек.

Мәселен кешегі есті де текті, кемел де ұлағатты заманның ағысында әке-шешесі «Барған жеріңе судай сіңіп, тастай бат!», «Сүйегің сол шаңырақтың босағасында шірісін» дейтін өмірлік ұлы өсиетті қызына мәңгілікке қатаң түрде аманат ете білуі де міне, осыдан болса керек.

Сол сияқты «Қайтып келген қыз жаман» деп күйеуінен қайтып келген имансыз қыз ел, ұлт алдында, қоғам, халық, ұрпақ алдында әке-шешесіне жек көрінішті күйде болатынын және аса ауыр қасірет-қайғы әкелетінін ата-бабаларымыз алдын ала күні бұрын аса қатаң түрде ескертіп отыруды да айрықша парыз санаған. Сонымен бірге ұрпақтарының ой санасына күнделікті тіршіліктің барысында үнемі шегелеп сіңіріп отыру аса қатаң дәрежедегі міндет болған.

Ал арсыз, ұятсыз, мәңгүрт, кещелік, хайуандық күймен ұлттық, әсіресе әке-шешесінің өсиет-аманатының бәрін де аяққа таптап, ұлттық ар-намысты аттап, қайтып келген жексұрын қызын өз әке-шешесі аса қатаң жаза – өлім жазасына өз қолымен кесуге мәжбүр болған. Сондай-ақ қызы оң жақта отырып, бала туып қалатын болса да осындай қатаң жазаға тартылатын болған. Әйтпесе бұндай опасыздық бүткіл елді, ұлтты, ұрпақты бұзады деп саналған. Сонымен қатар бұндай қыздың әке-шешесі де ел алдында әшкереленіп, жер аударылатын үрдіс болған. Міне, осындай ізденімпаз да талғампаздығы орасан зор қатаң тәлім-тәрбие мен қатал тәртіптің арқасында ғана кешегі қазақ қауымдастығында теңдесі жоқ үлгі-өнегесі зор ұлы салт-дәстүрлерді айналысқа енгізе отырып, оларды заман талаптарына лайық үнемі жетілдіріп отырудың ұтымды үрдістерді тұрақты дәрежеде орнықтырғанын, дамытқанын тарихтан білеміз. Сонымен...

Молдағали МАТҚАН

Әлем халықтары Жазушылары Одағының мүшесі,

Халықаралық Мұстафа Кемал Ататүрік атындағы Алтын медалдің иегері,

қоғам қайраткері, публицист-жазушы, академик.