21 шіл, 2019 сағат 22:45

Тоқаев Скриптонит туралы: "Оны бірнеше рет тыңдап көрдім..."

Біз Димашты мақтан тұтамыз. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «31 арнада» көрсетілген «Президент 2.0» деректі фильмінде айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ресейлік журналист Алексей Пивоваров Қазақстан Президентінен бүгінде Ресейде танымал қазақстандық рэп-орындаушы Әділ «Скриптонит» Жәлелов шығармашылығы туралы сұрады.

«Оны бірнеше рет тыңдап көрдім. Алайда ұйып тыңдадым, бәрін түсіндім деп айта алмаймын. Бірақ түсінуге тырысып көремін», - деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, Президент танымал әнші Димашты мақтан тұтатынын атап өтті.

«Ол өзінің өнерімен әуелі қытайлық тыңдармандарын, кейін Ресейді тәнті етті. Кремльдегі съездер сарайында бірнеше концерт берді. Концерттерінің барлығы аншлагпен өтті», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, «31 арнада» көрсетілген «Президент 2.0» деректі фильмінде отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсетудің маңыздылығы туралы айтып берді.