10 қаң, 2017 сағат 12:21

Биылғы білім гранттарының саны 10 мыңға артады - министр Сағадиев

- Қазақстанда биыл бакалавриат, магистратура және докторантураға бөлінетін мемлекеттік гранттар саны артады. Бұл туралы бүгін Астанада өткен үкімет отырысында білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлімдеді.

«Еліміздегі демографиялық жағдайға қарағанда, алдағы уақытта білім алатын азаматтардың саны артады деген болжам бар. Осыған байланысты биылғы оқу жылында бакалавриат, магистратура мен докторантураға бөлінетін гранттардың саны республикалық бюджеттің есебінен 10 мың орынға артатын болады. Бұдан бөлек, жергілікті атқарушы органдардың бюджеті есебінен гранттардың саны одан да көп болады деген сенім бар. Ондай норма Мәжілістің қарауында жатыр», - деді Сағадиев өз сөзінде.

Министрліктің дерегі бойынша, 2016 жылы 35 мыңға жуық мемлекеттік білім гранты бөлінген. Қазір Қазақстандағы университеттерде 500 мыңға жуық студент оқып жатыр.

Ұлт порталы