#
#
Жұма 05/06/2020

Биыл бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша ҚР сыртқы сауда айналымы 2,7%-ға өсті

  • 12.05.2020
  • 0
  • 175

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында 2020 жылғы қаңтар-сәуірдегі ҚР әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы қаралды. Сауда саласының дамуы туралы сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов баяндады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Ағымдағы жылдың алғашқы төрт айдың қорытындысы бойынша ішкі сауда саласының даму көрсеткіштері айтарлықтай бәсендегені байқалуда. Сауданың нақты көлем индексі өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 8,9%-ға төмендеді. 

Министр атап өткендей, негізгі құлдырау сәуір айында, яғни бүкіл ел бойынша карантин шаралары енгізілген кезде байқалған. Жалпы алғанда, сауда саласы ағымдағы жылдың сәуірінде өткен жылдың сәуірімен салыстырғанда 34,8%-ға, оның ішінде бөлшек сауда 44,7%-ға, көтерме сауда 27,8%-ға төмендеді.

«Төтенше жағдайға байланысты сауда объектілерінің тоқтап қалуы сауданың төмендеуінің басты себебі болып табылады. Сауда құрылымында тек Алматы қаласының үлесі барлық көлемінің 40% құрайды. Карантин режимі, Қазақстан-Қытай шекарасының жабылуы, оның ішінде «Қорғас» ШХЫО тоқтауы қаңтар-сәуір айларында аймақтар арасында сауданың барынша құлдырауын туғызды», — деді Б. Сұлтанов.

Министрдің айтуынша, әкімдер сауда инфрақұрылымның жағдайына ерекше назар аударуы керек.

«Көтерме тарату орталықтарын салуды бастап, сауда базарларын одан әрі жаңғыртуды тездетуіміз қажет. Мемлекеттік бағдарламалар аясында ұзақ мерзімді қаржыландыру құралдары кеңейтілетін болады, сауда желілерімен «айнылым» схемасы мен форвардтік сатып алу дамып, электронды сауда жаңа серпін алады. Мемлекет комиссияның кешегі отырысында Президент Қ.К. Тоқаев нақты тапсырмалар берді», — деді Б. Сұлтанов.

Ішкі сауданың баяулауы аясында электрондық коммерция кеңінен дамыды. Тек ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында қазақстандық интернет алаңдарында сатып алу көлемі құны 89 млрд теңге болатын 2,8 млн сәлемдемені құрады. 

«Мысалы, Алматы қаласында карантин кезінде онлайн сатылым көрсеткіштері 4 еседен асып,  50 мыңнан астам азамат өзін-өзі оқшаулау режимін бұзбай қажетті тауарларды сатып алуға мүмкіндік алды», — деді ол.

Электронды коммерция сонымен қоса қазақстандық тауарлардың сыртқы нарықтарда ілгерілеуіне септігін тигізеді. Қазақстандық цифрлық сауда алаңдарының ашылуын қолдауға бағытталған шаралар қабылданып жатыр. «Интернет-экспорттаушы мектебі» бағдарламасы іске қосылды, Alibaba халықаралық платформасы арқылы 50 қазақстандық кәсіпорын өз өнімін экспорттауға мүмкіндік алды. 

Осы жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда  2,7%-ға артып, $21 млрд құрады.

Осы ретте, экспорт көрсеткішінің 4,2%-ға өсіп,  ал импорт көрсеткішінің 0,1%-ға азаюына  байланысты сауда балансы жақсарды. Минералды тыңайтқыштар, күнбағыс майы және тағы басқа тауарлар бойынша экспорт артты.

«COVID-19 пандемиясы бізге шикізаттық емес экспорттың айналымдағы үлесін арттыру жұмыстарын жылдамдату қажеттілігін көрсетіп,  нақты сабақ болып отыр. Бұл экспорттық белсенділіктің құлдыраған жағдайда  сыртқы сұранысы тұрақты арналарды ашатын болады», — деді министр.

Сонымен қатар экспортқа бағытталған кәсіпорындарды қолдау шаралары жалғасады. 2020 жылы экспорттаушылардың көлік шығындарын өтеу жалғасын табады. 

Осы шараға 7,7 млрд. теңге қаражат бөлініп, қазіргі таңда 215 млн теңге сомасында 20 өтінім мақұлданды (майлы тұқымдар, ұн, кондитерлік өнімдер және арнайы киімдерді ҚХР, РФ және ЕО елдеріне (Бельгия, Латвия) жеткізу).

Экспорттаушыларды қолдау бойынша дағдарысқа қарсы орталық қарқынды жұмыс істейді, оның ішінде екі аптада 120-дан астам өтініш қарастырылды, бейінді министрліктер мен ұйымдардың сарапшыларын тарту бойынша қолдау көрсетілді. 

«Біз 16 тауар позициясына басымдық бердік, оларды жаңа нарықтарға шығару үшін  ілгерлету бойынша жаңа шешімдер әзірленетін болады.  Ағымдағы жылдың басынан бері «Kazakh Export» қаржылық шараларының желісі бойынша 39 отандық экспорттаушыға қолдау көрсетілді, соның ішінде 26-сы төтенше жағдай кезеңінде 6 млрд теңгеден астам сомаға сақтандыру қолдауына ие болды», — деді Б. Сұлтанов.

Тауарлардың сапасын арттыруға және сертификаттау рәсімдерін жетілдіруге арналған «Техникалық реттеу туралы» заң жобасы қазір Мәжілістің қарауында жатыр.  

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар