25 мам, 2020 сағат 12:40

Биыл «Алтын белгіге» 8 506 оқу үздігі үміткер

Биыл «Алтын белгіге» 8 506 оқу үздігі үміткер болып отыр. Мұндай дерек ҚР Білім және ғылым министрлігінің Telegram парақшасында жарияланған ақпаратта келтірілген, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ведомство мәліметінше, қазіргі таңда Қазақстанда 7 412 мектеп бар. Оларда 3 349 069 бала оқиды. Осы жылы 9 сынып түлектері - 266 897, 11 сынып түлектері - 144 706 бала болды. Түркістан облысында түлектердің саны ең көп – 24 мыңнан астам. «Алтын белгіге» 8 506 оқу үздігі үміткер болып отыр. 

Ұлттық бірыңғай тестілеуге 130 мыңнан астам адам қатысады. Оның ішінде 111 017 бала - биылғы оқу жылының мектеп түлектері, 20 454 бала - колледж және өткен оқу жылдарының мектеп түлектері.