06 мау, 2018 сағат 08:30

Біртанов түнде Алматыдағы жұқпалы аурулар ауруханасына барды (Видео)

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов түнде Алматыдағы Жекенов атындағы клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына барды. Бұл туралы мекеме қызметкерлері хабарлады, деп жазады "Ұлт ақпарат".

Министр арнайы тексеріс жүргізіп, дәрігерлермен әңгімелесіп қайтты. Дәрігерлердің айтуынша, министр түнгі сағат 12-де келген.

Сондай-ақ, Елжан Біртанов Талғар аудандық ауруханғасына барды.


"Бүгін денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов менингококк инфекциясына қатысты жағдайға баға беру үшін жұмыс сапарымен Талғар аудандық ауруханасына келді. Сапар барысында министр медициналық көмектің ұйымдастырылу деңгейін, сондай-ақ, жедел қызмет түріне баға баға беріп, дәрігерлермен профилақтикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды талқылады", - деп хабарлады Талғар әкімдігіндегілер.