25 мам, 2020 сағат 09:20

Бірінші сыныпқа құжат қабылдау 1 маусымнан басталады

Жаңа оқу жылында Қазақстанда 1-сыныпқа қабылдау үшін қандай құжаттар тапсыру керектігі белгілі болды.

Білім және ғылым министрлігінің хабарауынша, баланың ата-анасынан (заңды өкілдерінен) өтініш (еркін түрде), баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі, бала денсаулығы туралы анықтама (медициналық паспорт), 3x4 көлеміндегі екі фото тапсырылады. Құжаттарды қабылдау 2020 жылдың 1 маусым мен 30 тамызы аралығында іске асырылады.

Айта кетейік, жақында Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова жаңа оқу жылында 1-ші сыныпқа қабылдау, мектептен мектепке, сыныптан сыныпқа ауыстыру мәселесі қалай реттелетінін айтып берді.