26 қыр, 2019 сағат 18:09

Бір күнде байып кеткен павлодарлық жүргізуші ақшаны қайда жұмсайтынын айтты

Лотереядан 39 миллион теңге ұтып алған Павлодар тұрғыны ақшаны қайда жұмсайтынын айтып берді, деп хабарлайды жергілікті pavlodarnews.kz порталы.

Павлодар тұрғыны он күн бұрын лотереядан 39 миллион 586 мың теңге көлеміндегі рекордтық джекпот ұтып алған еді. 49 жастағы ер адам жолы болып, миллионер атанғанын үшінші күні ғана білген екен.

"Ол 4800 теңгеге 24 ставка жасаған. Бірнеше ай бойы жиі кездесетін цифрларды бақылап жүріп, соған қарап өз есебін жүргізген. Лотереяда жеңіске жеткен азамат жүргізуші болып жұмыс істейді. Екі баласы бар. Ол ұтып алған ақшасына Павлодардан жеке үй, машина және балаларына пәтер сатып алмақшы", - деді ұлттық лотерея операторының PR-менеджері Асемгүл Сыздықова. 

Сондай-ақ, ол мүгедек жиеніне де баспана алып беруді жоспарлап отыр.