14 қаң, 2020 сағат 07:07

Бір ай бұрын су басқан Венецияда каналдар құрғап қалды

Венецияда барлық арнаның суы тартылып қалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" BBC-ге сілтеме жасап.

Өткен жылдың қараша мен желтоқсан айларында қала су тасқынынан зардап шекті. Венецияның 70% аумағы су астында қалды. Бірақ 2020 жылдың қаңтарының ортасында қайықтар канал түбіндегі қайраңдарға жайғасты.

Бұған себеп – судың деңгейі өте төмен.

Венеция 118 шағын аралда орналасқан. Оларды су арналарындағы көпірлер жалғап жатыр. Қала каналдары – туристер көп келетін негізгі көрнекті жерлердің бірі.