#
#
Жексенбі 21/07/2019

Білім вице-министрі Эльмира Суханбердиева өз кінәсін мойындады

  • 09.07.2019
  • 0
  • 1153

Елордада ҚР Білім және ғылым вице-министрі болған Эльмира Суханбердиеваның соты өтіп жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Отырыстың басында судья Бақытжан Есенов сотқа қатысушылардың барлық жеке мәліметін жазып алды.

Эльмира Суханбердиевадан отбасы жайлы сұрағанда: "Төрт балам бар. Үлкені 26-да, одан кейінгісі 17-де, біреуі 7-де және кішкентайы 3-те... Үшеуі кәмелетке толмаған", - деді көз жасына ерік беріп.

Айыпталушы өз кінәсін толық мойындады.

«Суханбердиеваның айыбы өзінің мойындауымен, куәгерлер мен күдіктілердің түсініктемесімен және қылмыстық істің өзге де материалдары арқылы расталды (...) Күдікті өз айыбын толық мойындады.

«ҚР Қылмыстық кодексінің 53-бабына сәйкес, айыпталушы шын ниетпен өкініп, кінәсін мойындаса қылмыстық жаза жеңілдейді. Тараптар ҚР Қылмыстық кодексінің 55-бабы, 3-бөлігін қолдану арқылы жаза тағайындауға келіседі. Э. Суханбердиеваға қатысты 361-баптың 3-бөлігі бойынша 2500 АЕК көлемінде айыппұл мен мүлкін тәркілеу, 364-баптың 3-бөлігі бойынша белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 2000 АЕК айыппұл салу қажет», - деді мемлекеттік айыптаушы Нұрлан Бекмағамбетов сот барысында.

Оның айтуынша, қалыптасқан жағдайды ескере отырып, мемлекеттік айыптау бұрынғы вице-министрге жеңілдетілген жаза қолдануды сұрайды.

«ҚР Қылмыстық кодексінің 58-бабы, 2-бөлігін қолданып, Суханбердиеваға 2500 АЕК көлемінде айыппұл төлеу шарасы белгіленсін. Сонымен бірге, 2019 жылдың 3 маусымында «Орталық» экономикалық мектебі ЖШС директорының қызметтік кабинетінен алынған айыпталушының мүлкі мен ақшалай қаражаты тәркіленіп, мемлекеттік қызметте, сотта, Ұлттық банкте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында және мемлекет үлесі 50% асатын өзге де мемлекеттік органдарда - ұлттық холдингтер, ұлттық даму институттарында жұмыс істеу құқығынан айырылсын», - деп түйіндеді Н. Бекмағамбетов.

Ал Елена Шеверняеваға прокурор 500 АЕК көлемінде айыппұл салуды ұсынды.

Сот ертең шешім шығарады.  

Айта кетейік, Эльмира Суханбердиева сыбайлас жемқорлық күдігімен ұсталды және 2 айға қамауға алынды.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Эльмира Суханбердиеваға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастаған болатын.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР