18 нау, 2020 сағат 11:50

Білім министрлігі Испаниядағы қазақстандық студенттердің мәселесін шешіп берді

ҚР Білім және ғылым министрлігі Испанияда академиялық мобильділік бағдарламасы бойынша оқып жатқан әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттерінің мәселесін шешіп берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Айта кетейік, Instagram желісінде қазақстандық студенттер жергілікті тұрғындар тарапынан шеттету барын айтып, шағымданған еді. Бүгін таңертең Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов Direct Instagram арқылы қазақстандық студенттер еліне қайту үшін билет сатып алынғанын жазды.

«Сіздер 2 наурызда ұшып шығуларыңыз керек еді. Бас тарттыңыздар. Сіздердің өтініштеріңізге байланысты ҚазҰУ ертеңге билет сатып алып қойды», - деп жазды ол.

Өз кезегінде студенттер ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкіліне алғыс айтты. 

«Біздің мәселемізге назар аударғандарыңызға көп рахмет. Қайта хабарласқандарыңызға рахмет» - деп жазды жазба авторы.