#
#
Жексенбі 08/12/2019

«Биліктен биік тұлға» (деректі фильм)

  • 11.09.2019
  • 0
  • 3501

Youtube желісінде қоғам қайраткері, тілші-ғалым Нұртас Оңдасынов туралы «Биліктен биік тұлға» деректі фильмі пайда болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Алыптар» сериясымен түсіріліп жатқан деректі фильмдер топтамасының бұл жолғы саны Нұртас Оңдасыновқа арналыпты. Фильмнің авторы - Назгүл Әбутұрапова. Түсірілімі 2015 жылы басталған туындының көпшілік назарына ұсынылуына Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы атсалысқан. Ұйым төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков «Биліктен биік тұлға» фильмінің идеясын ұсынып, түсірілімге қолдау көрсеткен.


«ХХ ғасыр алыптарының ішінде Нұртас Оңдасыновтың өз орны бар. Фильмде тарихи тұлғаның қызмет жолы мен елдік жолындағы күресі  ерекше толғаныспен баяндалады», - дейді қауымдастықтың баспасөз хатшысы Сырымбек Төлеуұлы.

Оның айтуынша, «Алыптар» топтамасына «кісендеулі жолбарыс» атанған Жұмабек Тәшенов, Қаныш Сәтбаев, Шахмардан Есенов, сондай-ақ Оспан батыр Сіләмұлы сияқты тұлғалар туралы фильмдер енген.

Сонымен қатар, небәрі 29 жасында В.Ленинге дейін барып, 5,5 млн қазақ тұрып жатқан жер аумағын бекіттірген Әлімхан Ермеков пен Алаш көсемдері туралы фильм түсірілмек.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар