#
#
Жұма 23/06/2017

Шерхан Талап. Билік халықтың қалауын түсінбейді

  • 26.07.2016
  • 4
  • 1730

Құлқының қамын ұлтының арынан биік қойған дүбәра билік халықтың қалау-тілегін түсінуден қалды. Олардың бар мақсаты — жұмсақ креслоға жамбасын желімдеп, жер-жаһанды жалпағынан басып жүре беру. Тек жүру һәм тоқ жүру…

Мейірім-махаббаты көшеде қаңғырған шайтан шаһарда дала қазағының өкініш-мұңын жүрекпен ұғынар жан қалмағандай. Галстугы қарынында билеген шекірей шенеунік, шалғайдағы ағайынның шер-мұңын түсінбек түгіл, елестете де алмайды. Сөйтіп келді де, жер мәселесі — айлығы шайлығына жетпей, шыдамы шытынап, көкірегі тола түскен жұрттың жанды жерін тырнап кетті… Сайқал саясаттың небір сандырағына еріксіз бас шұлғып келген қара халық, бұ жолғы «бассыздыққа» шыдап тұра алмады. Ашынған жұрт алаңға беттеді. Тәуелсіз елдің азат адамы ретінде наразылығын ашық білдірді. Ешқандай да «сыртқы күштердің» ықпалынсыз, әлдебіреулердің арандатуынсыз ақ адал тілегін арқалап шықты. Ашына сөйлеп, кеудесін оққа да тосуға даяр кейіп танытқан ақ жаулықты әжейге қарап тұрып, бірінші арнаның тілшілері «әзілінің» өте сәтсіз шыққанын мойындамасқа амал жоқ. Бұл – бағытсыз билікке деген қарсылығы қалыңдай түскен, онсыз да ашынған жұрттың жан-айқайы болса керек.

efaa153b0f682ae5170a3184fa0df28c

Биліктің жүйесіз жұмысы, жауапкершіліктен теріс айналуы, мәселені дер кезінде ауыздықтамауы – бірнеше қаладағы бейбіт шеруге алып келді. Елбасы өзі тоқтау салып, заңның бетін қайтармағанда жағдай одан сайын ушығып кетер ме еді. Бойға жиналған бар ашу-ызасы төгіле жаздаған кезде, мораторий туралы жаңалық естілді. Құдды бір жауымызды жер жастандырғандай бөркімізді аспанға ата қуандық. Бірақ бұл – жер туралы заңның күші біржола жойылды деген сөз емес.

Іле-шала комиссия құрып, қайта талқыға салуын – көзбояушылықтың бір көрінісі емес пе деп күмәнданасың. Мәселені созбақтатып жүріп, өз пиғылдарын іске асырып кетпесе болғаны. Әйтеуір, комиссия құрамында елдің жайын ойлар біраз азаматтарымыз бой көрсетті. Ұлт мүддесін, жұрт тілегін жерде қалдырмас деп сенеміз. Оны жеті сағатқа созылған алғашқы отырыстан-ақ байқадық. Күллі қазақ бар үміт-тілегін сол кісілерге артып отыр. Соңы жақсы болсын деп тілейік.

Шерхан Талап

4 пікір

Пікір қалдыру

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар