28 нау, 2017 сағат 12:05

Бие сүті қазақстандықтардың өмірін ұзартуға көмектеседі

Академик Төрегелді Шарманов қазақстандық нарыққа жаңа сүт өнімін шығарғалы отыр. Бүгін оның сапасына  «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары мен Алматы әкімі баға берді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Мұхтар Құл-Мұхаммед пен Бауыржан Байбек Қазақ тағамтану академиясының зауытында болды. Зауытта иогурттан бастап шоколодқа дейін – өнімнің 30 атауын шығару жолға қойылған. Тағамның бәрі де денсаулыққа пайдалы болып табылатын бие сүтінің негізінде жасалған.  

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары таза табиғи сүттен жасалған өнімнің бүгінгі таңда барлық әлемде сұранысқа ие екенін атап өтті. Мұхтар Құл-Мұхаммед тап осындай өндірістердің сыртқы нарықта Қазақстанның аграрлық секторының негізгі басымдығы бола алатынына сенім білдірді.

Сонымен қатар, ол академик Шармановтың пайдалы ұсынысына қолдау білдіріп, отандық ғалымдар мен фермерлерді одан үлгі алуға шақырды.

 Ұлт порталы