30 мам, 2018 сағат 21:59

Бейсенбі күні ел аумақтарында жел күшейіп, жауын жауады

Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазгидрометке сілтеме жасап.

Кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай болады, дауыл күтіліп, жел күшейіп, шаңды дауыл, тұман күтіліп, бұршақ жаууы мүмкін. Тек оңтүстік-батыс және оңтүстікте жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында желдің күші 15-20, екпіні 23-28, күндіз кей жерлерінде 30 м/с және аса күтіледі, дауыл, бұршақ жаууы мүмкін, түнде және таңертен тұман болады.

Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарында дауыл күтіліп, түнде басым бөлігінде жел 15-20, кей уақытта 23-28 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Алматы облысының кей жерлерінде түнде және таңертен желдңғ жымдамдығы 18-23 м/с күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде желдің күші 17-22 м/с, күндіз шаңды дауылмен. Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғып, шаңды дауыл болады. Павлодар облысында желдің күші 15-20, екпіні 25 м/с.

Ақтөбе, Қызылорда, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 3 градусқа дейін үсік күтіледі. Маңғыстау облысының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі күтіледі.