26 мам, 2020 сағат 14:52

Бейбіт жиналыстар туралы жаңа заңға негізгі алты қағидат енгізілді – вице-министр

Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Есин Мемлекет басшысы қол қойған бейбіт жиналыстар жаңа заңның негізгі алты қағидатын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Вице-министрдің айтуынша бейбіт жиналыстар жаңа заңның негізгі алты қағидаты енгізілген. Олар: 

- зорлық-зомбылықсыз сипат; 

- заңдылық;

- мемлекеттік қауіпсіздік мен қоғамдық тәртіпті сақтау, басқа адамдардың денсаулығын, құқығы пен еркіндігін қорғау;

- қатысу еркіндігі;

- жиналысты өткізу пайдасына қарай презумпция;

- тараптардың жауапкершілігі.

«Жауапкершілік қағидаты бейбіт жиналыстардың субъектілерінің бәрінің әрекетінің заңдылығын қамтамасыз ету үшін енгізілді. Бұл қағидаттар бейбіт жиналыстардың ұйымдастырушылары мен қатысушыларына ғана емес, жергілікті атқарушы органдар мен құқық қорғау органдарына да қатысты», - деді Данияр Есин ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Ол сонымен қатар заңда енгізілген ұғымдық аппарат туралы да сөз қозғады.

«Бұрынғы заңмананың кемшіліктерінің бірі – бейбіт жиналыстар формасының нақты регламентінің болмауы еді. Заңға ұғымдық аппараттарды енгізу – бейбіт жиналыстар, митингілер, демонстрациялар, шерулер мен пикет секілді негізгі түсініктерді құрылымдап, олардың ара-жігін ажыратуға мүмкіндік берді», - деді Данияр Есин.