16 шіл, 2019 сағат 12:35

Бес облыста күн 45 градусқа дейін ысиды

Синоптиктер ауа райының бұзылуына байланысты бірқатар облыста ескерту жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазгидрометке сілтеме жасап.

17-19 шілде күндіз Қызылорда, 18-19 шілдеде Маңғыстау, Қарағанды, Ақтөбе, Түркістан облыстарының кей аймақтарында 40-45 градус аптап ыстық болады.

17 шілде күндіз Қостанай облысының кей жерлерінде күн 35 градусқа дейін ысиды. Солтүстіктен соққан жел кей жерлерде 18 м/с жетеді.