08 жел, 2019 сағат 20:26

Бес қазақстандық спортшы KWU киокушинкайдан ӘЧ финалына өтті

Бүгін елордадағы «Жекпе-жек» сарайында KWU киокушинкайдан ерлер және әйелдер арасындағы әлем чемпионатыны басталды, деп хабарлайды Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметі.

Әлем чемпионаты 15 салмақ дәрежесі бойынша өтуде. Ерлер тоғыз (60, 65, 70, 75, 80, 85, 90, 95 және 95 кг жоғары) және әйелдер алты салмақта (50, 55, 60, 65, 70 және 70кг жоғары) бақ сынауда.

Жалпы, әлемнің 54 елінен 301 спортшы қатысуда. Бүгін жартылай финал мен ширек финалдық кездесулер ұйымдастырылды.

Финалдық кездесуге: ерлер арасында 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Еркебұлан Бейсембаев, 85 келіге дейінгі салмақта Владимир Артюшин, әйелдер арасында 50 келіге дейінгі салмақта Устюгова Людмила, 60 келіге дейінгі салмақта Екатерина Гурова, 70 келіге дейінгі салмақта финалға Алемгуль Сабырхан өтті.

Он спортшы: 60 келіге дейінгі салмақта Темірлан Жәнібек, 75 келіге дейінгі салмақта Коваленко Артур, Сәдуақасов Нұрлыхан, 95 келіге дейінгі салмақта Гарас Никита, 90 келіге дейінгі салмақта Сүйінов Мерей; әйелдер арасында 55 кг дейінгі салмақта финалға Иоанна Белых, 60 кг дейінгі салмақта Елизавета Липова, 65 кг дейін Тоғызбаева Эльнара, 70 келіден жоғары Жақсыбаева Ажар және Бочина Лидия қола жүлдегер атанды.

Финалдық кездесулер ертең «Жекпе-Жек» сарайында өтеді.

Чемпионаттың ұйымдастырушылары – Қазақстанның жауынгерлік өнер қауымдастығы, Kyokushin World Union Халықаралық қауымдастығы. Әлем чемпионаты Қазақстанда өтіп жатқандықтан ұлттық құрама екі құраммен өнер көрсетуде.