#
#
Бейсенбі 09/04/2020

Берлин-Алматы чартерлік рейсінің 7 жолаушысынан коронавирус табылды

  • 25.03.2020
  • 0
  • 98

«Берлин-Минск-Алматы» чартерлік рейсінің 12 жолаушысының жетеуінен коронавирус табылды. Олардың арасында бортсерік әйел де бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы бүгін онлайн брифинг барысында қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдақасымова айтты. 

Оның айтуынша, борт 13 наурызда ұшып келген. 

«Бұл борт келісімен біз инфекциялық стационарға оқшауладық. Бортта болған 12 адамның барлығы: 9 жолаушы мен 3 экипаж мүшесі жеке боксқа жатқызылды. 12 адамның жетеуінен коронавирус табылды. Оның ішінде бортсерік әйел бар. Олар қоғамға қауіп төндірмейді. Себебі, ауру ошағы дер кезінде залалсыздандырылып үлгерді», - деді А.Молдақасымова. 

Айта кету керек, қазір Қазақстанда 79 коронавирус жұқтыру жағдайы тіркелген. 

Нұр-Сұлтан қаласында – 41 адам, Алматыда – 31 адам, Қарағандыда - 2, Алматы облысында - 1, Ақтөбе облысында – 1, Шымкентте - 1, Жамбыл облысында - 1, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам ауру жұқтырған.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар