#
#
Бейсенбі 04/06/2020

Берік Әбдіғалиұлы: Бұл жобадан ғылыми не діни астар іздеудің қажеті жоқ

  • 16.08.2017
  • 1
  • 1870

2017 жылғы 16 тамызда Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде  «Қасиетті Қазақстан» орталығының Ғылыми-сараптамалық кеңесінің отырысы өтті. 

Отырыс мақсаты жалпыұлттық деңгейдегі 100 нысанды белгілеу және тізімдеу болды. Іс-шараға Мемлекет тарихы институтының директоры, профессор Б. Аяған, профессор З. Самашев, Республикалық «Ардагерлер ұйымы" Орталық кеңесінің төрағасы, профессор Ө.Озғанбаев, профессор  Ж. Артықбаев сынды есімдері елге белгілі тұлғалар қатысты.

«Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті жерлерін» белгілеу мақсатындағы ғылыми-сараптамалық кеңесі отырысының күн тәртібінде аталған орталықтың 2 ай ішінде атқарған жұмысы туралы ақпарат беріліп, Қазақстанның жалпыұлттық деңгейдегі киелі жерлерін  анықтау, ғылыми тізімдеу мен жүйелеу мәселелері қозғалды.

Ғалымдар ұсынылған тізімнің жобасын жан-жақты талқылап, өз пікірлерін ашып айтты. Т.ғ.к., профессор Зейнолла Самашев: «Бізде тарихи оқиғалар өткен, бірақ дәл қазіргі күні ол жерде ешқандай белгі сақталмаған, ешқандай із байқалмайтын жерлер бар. Қираған ескерткіштердің сынығы немесе жай орны ғана қалған нысандар бар. Алайда тарихи мәні өте зор болғандықтан, ол жерді құрметтеп жатамыз. Мысалы, «Таңбалы тасты» алсақ, толық қалпына келтіру жұмыстарын қажет етеді. Ол өте маңызды нысан. Менің жеке ұсынысым, бүгінгі күні еш белгісі сақталмаған, бірақ тарихи маңызы бар орындарды осы тізімге енгізген жөн», – деп өз ұсынысын айтты.

Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасы мен әлеуметтік-саяси өміріндегі маңызды орын алатын қасиетті орындар бүгінде ұлттық бірлік пен жаңғыру нышаны ретіндегі нысандар болмақ. «Қасиетті Қазақстан» орталығының аймақтардан алған мәліметтеріне қазақстандық ғалымдар, өлкетанушылар, қоғам қайраткерлері бірлесе отырып, сараптама жүргізеді. Ал облыстардағы қасиетті, киелі жерлерді анықтау үшін жергілікті мәдениет басқармаларының жетекшілік етуімен тарихшылар, ғалымдар, қоғам қайраткерлерінен құрылған арнайы топтар жұмыс істеуде.

Аталған орталықтың жетекшісі Берік Әбдіғалиұлы: «Бұл – бес  жылға жоспарланған жоба, биыл жалпыұлттық деңгейдегі, елге кеңінен танылған 100 нысанды анықтау қолға алынған. Бұл тізім жобасына бүгінгі кеңестің қорытындысы бойынша, Ұлттық комиссия сараптама жасап, бір, екі ай көлемінде бекітеді. Кесене, ескерткіштерді, арнайы бір орынды ғана емес, біз Елбасының мақаласында атап көрсетілген сол нысандармен байланысты рухани құндылықтарды насихаттаймыз. Ол нысан қандай тарихи оқиғамен, қандай салт-дәстүрмен, қай кезеңмен байланысты екенін анықтаймыз. Сол арқылы ұрпаққа жат ағымдардың бөтен пиғылына қалқан болатын  рухани тәрбиені сіңіру, насихаттау, нығайтуды мақсат етіп отырмыз», – деп орталықтың мақсатын айқындап айтып берді.

Сондай-ақ ол бұл жобадан діни не ғылыми негіз іздеудің қажеті жоғын айтты.

Шара барысында жалпыұлттық деңгейдегі белгіленген 100 нысан электронды түрде таныстырылды.

1 пікір

  • ЖАС ҒАЛЫМ қайталадыБейсенбі, 17.08.2017

    проф. Совет-Хан Ғаббасұлы сс, 16/08/2016 - 13:31
    Осынау мақалада айтылған - ДӘСТҮРЛІ ҚҰНДЫЛЫҚТАР НЕГЕ ҚҰНСЫЗДАНЫП БАРАДЫ ? - деген сауалға жауапты ;
    І - ші қоғамды басқарып отырған - Президент пен Премьер министр және мемлекеттік қызметтегі білімділері болса;
    ІІ - ші Халық пен Зиялы қауымы және ағартушылары екені - айдан анық!
    Егер ақиқатын айтсақ - осы екеуінің де қателіктері шаш етектен !..
    Сонымен қоса, кеше 2012 жылы эпоха мен дәуірдің ауысқанын ескерсек, келешек Ұрпақ тәрбиесінде сапалы өзгеріс керектігін түсіну шарт. Ұрпақты - бұрынғыша - үгіт -насихат- уағызбен тәрбиелеу аса аздық етеді. Адамзаттың - азып отырғаны - ескіше ТӘН ТӘРБИЕСІНІҢ ғана құрсауында қалып отыр. Бұл - үлкен кемшілік !
    Өйткені, АДАМНЫҢ мәні - ЖАНЫНДА екенін адам баласының ұғынуы... жаңа дәуірдің талабы ! Адам баласы - мұны түсінбесе - АҚЫР ЗАМАН - болатыны белгілі. АЛЛАНЫҢ бұйрығы мен ҒАЙЫПТЫҢ құдіреті маған түсірген - ЖАННЫҢ ОН ЕКІ МҮШЕСІ яки АРНАСЫН - ашу тәсілі... келешектегі Ұрпақ тәрбиесінің басты шарты. Бұл ғажайып - тек АНА құрсағында ғана ашылатынын ерекше ескерген жөн. Осы тәрбиенің механизмдері мен технологиясы арқылы - болашақ ұрпақ ТӘН ҚҰМАРЛЫҒЫНАН арылып - ЖАН ҚҰМАРЛЫҒЫМЕН ... Абай айтқан ; - "Толық адам - нұрлы ақылға" - жетпек ші !!.. Бұл ғылыми дәлелденіп отыр ! Менің ондаған жылдар бойы ұсынып жүрген - " ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНІҢ ЖАҢА ІЛІМІН" - оқып үйренгендер ғажайып ИГІЛІККЕ бөленіп отыр. Бүгінде - Жан құмарлығымен туған - мыңдаған бала бар. Бұл РУХАНИ тәрбиенің бесігі ! Ей Қазақтың баласы... ата-бабаң айтып кеткен ; - "ОҢ ЖАҚТАҒЫ ҚЫЗДЫҢ ТӘРБИЕСІ - көздің қарашығындай қатты сақталынуы ең құнды құбылыс... ОСЫНЫ ҰҚ !!!..


    Құрманбеков А.Ж. сс, 16/08/2016 - 23:13
    Совет-Хан Ғаббасұлы - Ұлы ғалым, ойшыл көкеміз, оған ешкім тең келе алмайды. Шымкенттіктер Сізді зор құрмет тұтады. Сізге қарап үретіндер қаншық кәндендер, шетінен импотенттер, бейшаралар, сексоталар. Олар үре берсін. Сіз ғылыми еңбектеріңізді халыққа ұсына беріңіз.
    Айбек и Совет-Хан уже 3 года друзья на Facebook!

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар