04 мау, 2019 сағат 16:11

Белгісіз біреу Дарвин қаласындағы қонақүйде 6 адамды атып кетті

Аустралияның Дарвин қаласындағы Palms қонақүйінде белгісіз біреу бірнеше адамды атып кетті, деп хабарлайды NT News газеті.

Басылымының жазуынша, қала полициясы арнайы операция кезінде қаскөйді қолға түсірген.

Деректерге қарағанда, 45 жастағы ер адам қонақүйге помпалық қарумен кіріп келіп, адамдарға қарай оқ жаудырған. Атыс салдарынан төрт адам қаза тауып, екеуі жараланды. Күдікті шабуылдан кейін ізін суытып, қаланың шетіне барып жасырынған. Мұнымен қоймай, онда да сол маңнан өтіп бара жатқандарды оқ атқан.

Қазір жараланған екеу ауруханада жатыр. Полиция тергеп-тексеруді бастап кетті.