28 мау, 2017 сағат 08:29

Белгілі боксшы Василий Жиров Ислам дінін қабылдады (фото)

Тәуелсіз Қазақстанның бокстан алғашқы Олимпиада чемпионы, Вэл Баркер кубогының иегері, бірінші ауыр салмақта IBF тұжырымы бойынша кәсіби боксшылар арасында бұрынғы Әлем чемпионы, отандық бокстың аңызына айналған "Балқаш жолбарысы" Василий Жиров ислам дінін ресми түрде қабылдады. Бұл туралы Фейсбукте  "Қазақстан кәсіби боксы" хабарлады.

Василий Жиров Ид-уль-Фитр (Ораза Айт), мерекесі қарсаңында ислам дінін қабылдады, деп хабарланды "Хазірет Сұлтан" мешітінің ресми сайтында.  


Инстаграмда rustam_abdussalamov атап өткендей, "кеше ерекше күн болды, ерекше айт! Әдеттегідей таңғы 5-те ояндық, айт намазына бардық, бірақ осы жолы менімен намазға Вася Жиров барды, ол менің жанымда тұрды, бір қатарда осындай ерекше күнде, елорданың орталық мешітінде өміріндегі алғашқы намазын оқыды!".