12 шіл, 2018 сағат 15:23

Беларусьтегі Жұлдыздар алаңында Роза Рымбаеваның жұлдызы қойылды

Беларусьтің Витебск қаласындағы «Жұлдыздар алаңында» қазақстандық танымал әнші Роза Рымбаеваның жұлдызы орнатылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бұл туралы әншінің өзі Инстаграмдағы парақшасында мәлімдеді.

Әнші осы күндері Беларусьте өтіп жатқан «Славян базары» өнер фестивалінің ұйымдастырушыларына және ел президенті Александр Лукашенкоға алғыс білдірді.

Еске сала кетейік, «Витебскідегі Славян базарының» «Шекарасыз фестивалі» 11 шілдені Қазақстанның өнер шеберлеріне арнаған болатын. Онда «Ұлы дала өнері» гала-концерті қойылды, жергілікті көрермендер Роза Рымбаева, Нағима Есқалиева сынды өнер иелерімен қайта қауышып, Әлішер Каримов, Димаш Құдайберген секілді жас талант иелерінің өнерінен сусындады.

Кинобағдарлама аясында режиссер Ақан Сатаев пен продюсер Әлия Назарбаеваның «Анаға апарар жол» тарихи драмасы қойылды.