#
#
Cәрсенбі 20/11/2019

Беларусь Президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді

  • 21.10.2019
  • 0
  • 192

Биылғы 24-25 қазан күндері мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруы бойынша Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко Қазақстан Республикасына ресми сапармен келеді, деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.

«Жоғары деңгейде өтетін келіссөздер барысында Қазақстан мен Беларусь арасындағы стратегиялық серіктестіктің ахуалы мен перспективалары талқыланатын болады.

Сонымен қатар мемлекеттер басшылары ТМД, Еуразиялық экономикалық одақ және басқа да көпжақты құрылымдар аясындағы екі елдің өзара ықпалдастығын дамыту, сондай-ақ, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі маңызды мәселелер жөнінде пікір алмасады деп жоспарлануда. Сапар қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты келісімдерге қол қойылады» деген ол өз жазбасында.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар