10 қыр, 2019 сағат 15:43

Бекзат Нұрдәулетов бокстан әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Ресейдің Екатеринбург қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатын қазақстандықтар жеңіспен бастады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Olympic.kz  сайтына сілтеме жасап.

Бүгін қазақстандық спортшылар арасынан бірінші болып шаршы алаңға шыққан 81 келідегі Бекзат Нұрдәулетов бірінші кездесуінде жеңіске жетті.  

Бекзат Нұрдәулетов Оңтүстік Корея өкілі Хонг Ингиден басым түсті. Бес төреші де жеңісті бірауыздан қазақстандық боксшыға берген.